«Әке шаңырақтың шырағы»

16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ

Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында мәдениет үйінің қызметкері Н.Қонысбаев, М.Утеғалиев, Б.Батыров, жастар ісінің нұсқаушысы Н.Бестайдың қатысуымен «Әке шаңырақтың шырағы» атты өнеге сағаты өтті.

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.