“Әкеге қарап ұл өсер»

16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ

Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында көп балалы әке Қ.Жуасбаев және №5 Қ.Сағындықов атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен “Әкеге қарап ұл өсер» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.