«Әкенің қамқорлығы таудан биік»

16 маусым – ӘКЕЛЕР КҮНІ

Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Жамбыл облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Абуғали Ералиев, Бауыржан Момышұлы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов, аудандық «Әкелер» кеңесінің мүшесі Дәулетжан Байдалиев, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашевтың қатысуымен «Әкенің қамқорлығы таудан биік» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.