16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық кітапханасында ардақты әке К.Миятбековтың отбасымен «Әкенің қамқорлығы таудан биік» атты өнеге сағаты өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.
