Қазақтың ұлы аудармашысы, публицист Әлихан Бөкейханов — 160 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары және зейнеткер оқырман К.Шаяхметтің қатысуымен «Алаштың ардақтысы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін таныстыру, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрестің мәнін ұғындыру, Алаш қозғалысының тарихы маңызын түсіндіру. #ЖуалыОКЖ
