«Алғыс айту — адамгершілік белгісі»

1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Алғыс айту — адамгершілік белгісі» атты ізгілік сағаты өтті.
Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншіліктерін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.