«Алғыс айту адамгершіліктің белгісі»

1 НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту адамгершіліктің белгісі» атты ізгілік сағаты өтті.
Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншіліктерін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.