ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын орда дәуірі » атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
