8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы Теріс ауылының аяулы аналары және №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Алтынсыңғой — Анашым «атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
