«Аналар асыл жандар»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы Тәттібай Дүйсебайұлы ауылының аяулы аналары және тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Аналар асыл жандар» атты әдеби әшекей кеш өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.