Ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына – 124 жыл

Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына – 124 жыл
Қаламгер өз шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойғы тұрмысын, мәдениетін, тарихын бейнеледі.
Ол халықтың революциядан кейінгі өмірін «Жұмаштың өлімі», «Альбом», «Балбөпе», «Сұлушаш», «Ақ аю» және т.б. шығармаларында жазды.
Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» шығармасы қазақ прозасындағы таптық күрес жөніндегі алғашқы әлеуметтік-психологиялық роман болды. Кейін туынды «Мөлдір махаббат» деген атпен жарық көрді.
Сонымен қатар жазушы қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды.
Жалпы қаламгер 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен зерттеу еңбектерін мұра етіп қалдырды. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды.
Тау тұлға қазақ әдебиетінің қалыптасуына үздіксіз сіңірген еңбегі үшін 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.