Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Ғажайып тағдырлы Жуалы мекенім» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ақындар жырлаған туған өлке» атты өлкетану сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.