«Ар намысты Бауыржан»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ар намысты Бауыржан» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.