Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық мәдениет үйінде Ауған соғысы ардагерлері Х.Тасымбетов, К.Раздыков, П.Оспанов, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұстаздары және 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Ардагерлерді ардақтайық” атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

