«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында Бақалы ауылының тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Артына елеулі мұра қалдырған қайраткер» атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.