«Ашық аспан астындағы оқу залы»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында саяхат ойын ұйымдастырды.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.