6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ
Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Астана — алаштың төрі» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
