«Атадан-аманат ұрпаққа ұлағат»

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында ауылдың ақ жаулықты аналарының қатысуымен «Атадан-аманат ұрпаққа ұлағат» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.