«Атадан аманат — ұрпаққа ұлағат”

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы ауылдың қазыналы қарттарын мерекесімен құттықтап «Атадан аманат — ұрпаққа ұлағат” атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қартымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.