“Ауған соғысының қасіреті

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе, Қосбөлтек ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Ауған соғыс ардагерлері Б.Тәңірберген, А.Ахметов, №30 Көктөбе орта мектебінің 5-10 сынып оқушылары және Қосбөлтек ауылының тұрғындарының қатысуымен “Ауған соғысының қасіреті” атты кездесу кеші өтті. Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Д.Дадашова Ауған соғысы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Пернебек «Жастығын жалын шарпығандар» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.