“Ауғанның асуында от кешкендер”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында ауған соғысы ардагерлері Х.Тасимбетов, К.Раздыков, П.Успанов, А.Абдыкасимов, «Ақсуат» шекара сарбаздары, Ақтөбе ауылдық округі әкімі Ғ.Жақыпбеков, №26 Жаңаталап орта мектебінің ұстаздары және 7-8-9 сынып оқушыларының қатысуымен “Ауғанның асуында от кешкендер” атты кездесу кеші өтті.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.