«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Әбу Сәрсенбайұлының туғанына 120 жыл толуына орай әдеби танымдық кеш өтті. Кеш барысында №5 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің оқушылары М.Оразбек «Сен құрметте оны», А.Талғат «Ақ көгершін», А.Орманбай «Ақша бұлт,» Ә.Ермағанбет «Ардақта, ана тіліңді!», А.Айтан «Ескерткіш» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып, кітапхана әдіскері С.Манат, оқырман А.Мұхамбетжан Ә.Сәрсенбайұлының өмірбаянына шолу жасады. Кітапхана оқырманы А.Айтан «Келіншек» күйін күмбірлете тартып, А.Орынбек «Қазағым» , Р.Асқар «Билікөл», А.Мұхамбетжан, кітапханашы Г.Жұмаханова «Менің Қазақстаным» әндерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Жұмаханова «Маржан таулар жырлайды» атты библиографиялық көрсеткіш, «Ақша бұлтқа айналған абыз ақын» ақпараттық-жарнамалық флайер, «Ғасыр мен ғасыр беттесе» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Кемедегі ақ толқын» атты кітап инсталляциясын оқырмандарға таныстырып өтті. Кешті біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.