«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»
«Ұлы Жеңіске 80 жыл», Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, жазушы, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл, Қазақ халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл, ҚР Конституциясына 30 жыл мерейлі мерекелер аясында «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивальі Қошқарата ауылында аталып өтті. Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Рысбек батыр ауылдық кітапханасының кітапханашылары тақырыпқа сай кітап көрмелерге, көрме инсталляцияларға библиографиялық шолу жасап, оқырмандарға поэзиядан өлең, прозадан үзінді оқытты. Мақсаты: Ауыл тұрғындарын кітап оқуға шақыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, 2025 жылы ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын, көрнекті тұлғалардың атаулы күндерін насихаттау мақсатында кітап көрмелер, көрме инсталляциялар ұйымдастыру.