«Аяулы анашым»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы Қызыларық балабақшасының «Балауса» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің және «Шаңырақ» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Аяулы анашым» тақырыбында ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.