«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Баққараева “Еркетай” клуб мүшелерінің және Теріс ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Әмірқұл, Аналар алқасының мүшесі Б.Күзембекова, кітапхананың тұрақты оқырманы Р.Искакованың қатысуымен №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының оқушыларына “Ертегім неткен – мұратына жеткен” атты библиофреш ұйымдастырды.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.