«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Бегалиева “Айгөлек” бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері А.Ағабаева, С.Байшуренованың қатысыуымен “Балдырған” ересек тобының бүлдіршіндеріне “Алдар көсе” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.