«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р.Нұрлыбаева және әдіскер Д.Дадашова “Шұғыла” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Б.Баймаганбетованың қатысыуымен «Балдәурен»ортаңғы топ бүлдіршіндеріне “Жақсылыққа жақсылық” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.