«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Оразходжаева ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Байболов, «Боралдай» бөбекжай балабақшасының тәрбиеші Р.Оразалиеваның қатысуымен «Балдәурен» ортаңғы топ бүлдіршіндеріне «Алтын балта» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.