«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Жуасбаева, Билер алқасының мүшесі Б.Көшербай, Аналар алқасының төрайымы Қ.Бегайдарова, ардақты әжелер Д.Ахметова, А.Бексұлтанованың қатысуымен «Шақпақата» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндеріне «Ит пен мысық адамға қалай дос болды», «Ит пен мысық неге араз» ертегілерін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.