«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Жанысбекова, кітапхана әдіскері А.Айтымбет, ауыл ақсақалы Н.Бексейітов, Аналар алқасы мүшесі З.Темірқұлова, “Самал”бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі А. Дүйсебекованың қатысыуымен “Болашақ” ересек тобының бүлдіршіндеріне “Күн, Ай және Әтеш” ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

