«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Темірбаева, әдіскер Б.Алпысбаева, Қарасаз ауылдық Аналар алқасының төрайымы А.Омарова, Аналар алқасының мүшесі А.Сеңгірбаеваның қатысуымен «Қарасаз» бөбекжай балабақшасының «Ақбота» ересектер тобының бүлдіршіндеріне «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.