«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
  Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Сиркебаева, Жуалы аудандық Аналар алқасының мүшесі Б.Қанаеваның қатысуымен «№5 Балдырған» бөбекжай балабақшасының «Балдәурен» ересектер тобының бүлдіршіндеріне «Пысық құлан», «Құмыра мен түлкі», ертегілерін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.