«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Солтыбаева «Күреңбел» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Ж.Таубалдиеваның қатысуымен «Балауса» орта тобының бүлдіршіндеріне «Қызыл телпек» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
