«Бабалар сөзі- ақылдың көзі»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Бабалар сөзі- ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Поэзия падишасы — Фариза» атты поэзия сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.