16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық мәдениет үйінде Боралдай ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Байболов Мақсатбек, әкелер алқасының төрағасы Сейділдаев Ниязбек, Аудандық «Желтоқсан оқиғасы» ұйымының төрағасы, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тлеубеков Ерғали Өтемісұлы, №1 өнер мектебінің директоры Мұратаев Қанат Жарасұлының қатысуымен «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Сайлаукүл Оразходжаева «Тәуелсіз елім менің» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
