«Бала деп соққан жүрегі»

«Кітап – қазына» жобасы

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кеш барысында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың өмірбаянымен таныстырып, шығармаларына шолу жасады. №1 Балалар өнер мектебінің «Театр» үйірмесінің жетекшісі Қаматай Алтынтай Ерболұлы оқушыларымен «Менің атым Қожа» повестінен көрініс көрсетті. №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқкшысы Ғали Мирас «Жаса Қазақстан», «Қазақ үшін» атты әндерін әуелетіп орындады. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, оқырмандардың білім деңгейін тексеріп өтті. Кітапханашы Жансая Олжабай «Белгілі көркемсөз шебері» атты библиографиялық көрсеткіш, «Бала деп соққан жүрегі» атты әдістемелік құрал, «Балалық шаққа саяхат» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева кітапхана қызметкерлері дайындаған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап инсталляциясын таныстырды. Кеш соңында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сопбекова Гүлмира Байұзаққызы іс шарадан алған әсерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Айжан Жұманова кешті қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.