«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары Дәулетбай Имантай, Орынбаева Ақмоншақ, Жұмахметов Нұрсұлтан, Пернеқұл Әдемі жазушының өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Дәулетбай Имантай С.Бегалиннің өмір жолы мен әдеби мұрасы жайлы баяндама жасады. №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Пернеқұл Мейірлан «Жуалы», 1 сынып оқушысы Пернеқұл Мансұр «Туған ел» әнін орындаса, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары Нағмет Жанерке, Жақсылық Адина, Мұхтар Мадина, Мұхтар Сезім «Құрбылар» биін биледі. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева «Сөз зергері — Сапарғали Бегалин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты библиографиялық көрсеткіш және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асилбеков қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.