Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында “Балалы ел — бақытты ел” атты мақсатты бағдарлама аясында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Халық қаһарманы” атты тарихи сағаты өтті.
Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.
