«Балалық шақ — балдәурен»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Балалық шақ — балдәурен» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.