1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.