1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында “Қошқарата” бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен “Бар жақсылық балаларға” тақырыбында ертеңгілік өтті. Іс шара барысында “Зейін-даму” орталығының бүлдіршіндері арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балаларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.
