7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері және №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Батыр елдің жүрегі» тақырыбында ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
