«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бердібек Соқпақбаев — балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында әдеби шолу өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
