«Білімді ұрпақ болашақтың кепілі

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімінде кітапхана оқырмандары М.Заурбеков, Қ.Сарыбаевтың қатысуымен «Білімді ұрпақ болашақтың кепілі» атты дауыстап оқу өтті. Кітапханашы М.Темірбаева І.Жансүгіровтың шығармаларын таныстырды.

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, оқырмандарды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.