«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026

 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
Қадірлі кітапсүйер қауым!
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
📖 Баршаңызды рухани бастамаға қолдау білдіріп, кітапты бірге оқуға шақырамыз!
🔸 Кітап оқиық – саналы қоғам құрайық!
🔸 Бір кітап – мың ой.
🔸 Оқыған ұлт – озық ұлт.