«Бірлікті сақтаған билерім»

Қазақтың биі Бәйдібек би Қарашаұлы — 670 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Жарылқасынұлы және 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлікті сақтаған билерім» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Бәйдібек бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.