«Біз бақытты баламыз»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы ауылдық клуб мамандрымен бірлесіп кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Біз бақытты баламыз» атты ойын — сауық өтті.

Мақсаты: Балаларды балалық шақтарын бақытты өткізуге, мінез-құлықтары арқылы елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып жақсылық жасауға шақыру, достыққа- бірлікке тәрбиелеу.