1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.