«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Б.Елшібай және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.