Бүгін — Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей — үш бірдей ұлы қаламгердің туған күні.
Қазақ әдебиетінің алыптары – Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж), Шерхан Мұртаза (1932-2018 жж), Оралхан Бөкей (1943-1993 жж) 28 қыркүйек күні дүниеге келді.
Абайды туған мекенде өмір есігін ашқан ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов, ұлтының әдебиеті мен мәдениетіне теңдессіз үлес қосып, ұлт ағарту жолында сүбелі еңбегімен ұлы шың болып қалса, қазақ әдебиетінің үдіре алға басқан дәуірінің өкілдері Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкей де әдебиет тарихында суреткерліктерімен, сөз зергерлігінің қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленеді.Олардың қаламынан туған шығармалар күні бүгінге дейін, тіпті ұзақ болашақтада ұлтының ұрпақтарына жолдас болатыны айдан да анық. Ұлт көшіне нар тұлғаларды тудырған 28 қыркүйек атаулы күндердің біріне айналып, еңселі елдің бүгінгі күні үшін желдің өтінде, күннің бетінде тұрып, ұмытылмас шығармаларды қалдырған қаламгерлердің есімі мәңгілік ел есінде.
